Мемлекет экономикасы үшін моноқалалардың маңызы жоғары

Елде 20 моноқала бар. Отандық өнеркәсіптік өндірістің 40 пайызы осы шағын шаһарларға тиесілі. Сол себепті мемлекет экономикасы үшін моноқалалардың маңызы жоғары. Сондай-ақ, ондағы өндірісті әртараптандырып, әлеуметтің әлеуетін арттыру Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл туралы биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Саран шаһарын мысалға алып, қалған қалаларда да өндіріс ісін іргерлетуді тапсырды.