Уругвайдың бұрынғы Ауыл шаруашылығы және балық аулау министрі «Хабар 24» арнасына сұхбат берді

Мал шаруашылығы мен етті экспортқа шығару мәселесі талқыланды. Осы орайда біздің бүгін студиямызға Уругвай Республикасының ауыл шаруашылығы және балық аулау экс-министрі Табарэ Агуэрро мырза келіп отыр.

- Агуэрро мырза! Кеш жарық. Астанаға қош келдіңіз. Бүгін сіз Дүниежүзілік банк ұйымдастырған кездесуге қатыстыңыз. Жиында ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбы қызу талқыланды. Осы орайда сізге бірнеше сұрағым бар. Ең алдымен Уругвайдағы мал шаруашылығын бақылау жүйесі жайында айтып берсеңіз.

Табарэ Агуэрра, Уругвайдың Ауыл шаруашылығы және балық аулау министрі /2010-2018/:

- Сұрағыңызға рақмет. Бұл жүйенің арқасында кез келген малдың туған күнін, қай жерде жайылғанын анықтауға болады. Бұл санитарлық тұрғыдан өте маңызды. Яғни малды сертификаттауға мүмкіндік береді. Біздің елде 3 миллион тұрғын бар. Біз 12 миллион сиырды өсіріп отырмыз. Еттің 75 пайызы экспортқа жіберіледі. Біз 128 елмен келісімшарт жасасқанбыз. Халықаралық нарықта азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы талаптар өте күшті. Жыл сайын бұл талаптар одан сайын күшейтіліп жатыр. Уругвайда енгізілген бақылау жүйесінің арқасында біз кез келген мемлекетке ет сапасының жоғары екендігін дәлелдеп бере аламыз.

- Бүкіләлемдік ет экспорты нарығының 5 пайызы Уругвай Республикасына тиесілі. Сіздің ойыңызша, Қазақстанның бұл саладағы әлеуеті қандай? Біздің мемлекет ет экспорты секторында көш бастай алады ма?

- Қазір бүкіл әлемде 600 миллион тонна сиыр еті өндіріледі. Оның 5 пайызы Уругвайда өндіріледі. Қазақстанның әлеуеті де зор деп есептеуге толық негіз бар. Біріншіден, сіздерде жайылым алқаптары өте көп. Қазақстан халқы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысып келеді. Екіншіден, Қазақстан Ресей Федерациясы, Қытай сынды мемлекеттермен көрші болып табылады. Бұл елдердің нарығы үлкен. Бірақ мұнда қыс мезгілінде ауа райы тым суық. Бұл, әрине, шаруашылықты дамытуға кедергі жасайды. Сонымен қатар, малға қажетті жем-шөп сапасы мәселесін шешу керек. Саланы реттеу үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсетулер бар. Соларды іске қосқан жөн. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін қолдансаңыз да болады. Қазақстан халқының 20 пайызы ауылды аймақтарды тұрып жатыр. Менің ойымша, мал шаруашлығын қарқынды дамытсаңыз, елді мекендердегі өмір сүру сапасын біршама арттыруға болар еді.

- Сіздің ойыңызша, қазіргі таңда мал шаруашылығының қай түрін дамытқан жөн? Ірі әлде шағын шаруашылықтар тиімді ме?

- Шаруашылықтың қай түрімен айналыссаңыз да, қиыншылықтар болады. 2-3 сиыры бар шаруашылықтар, әрине, тез жабылып қалады. Өйткені ауылды жерлердегі жастар көбіне қалаға көшіп кеткісі келеді. Сол себепті үлкен шаруашылықтар ашып, оларпға жұмыс орындарын ашу керек. Жалақысын да дұрыс төлеген абзал. Қазақстанда жем-шөп жеткілікті. Енді елге инвестиция тарту керек. Сонда шағын  шаруашылықтарды ірі кәсіпорындарға айналдыру мүмкіндігі болады. Оларға қаржылай қолдау берген жөн.

- Сізге тағы бір сұрағым бар. Уругвайда логистика мәселесі қалай шешіліп жатыр?

- Біздің мемлекеттік аумағы кішкентай. Біз Қазақстаннан 15 есе кішіміз. Бірақ бізде құрықтар бар. Ал Қазақстанның географиялық жағдайы мүлдем өзгеше. Сіздің мемлекет Судан алыс болғанымен, Қазақстан Қытаймен көршілес. Ал Қытай – қазіргі уақытта ет өнімдерін импорттап жатқан ең ірі ел. Сол себепті Қазақстан Қытай нарығында біздің ет өнімдерімен де бәсекеге түсе алады деген ойдамын.

- Агуэрра мырза, бізге келіп сұхбат бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Өкінішке қарай, бағдарламамыздың уақыты шектеулі. Болашақта Уругвайдың ауыл шаруашлығы саласындағы тәжірибесін біздің елде де енгізуге болатынына сенімдімін.

- Болашақта біз Қазақстанда ауыл шаруашлығын, әсіресе мал шаруашылғын дамытуға барынша атсалысамыз. Болашақта Канада, Австралия мемлекеттерінің тәжірибесін де қолдануға болады деп ойлаймын.

Авторы: Дариға Ташенова