Заңның күшейтілуі жауапкершілікті қаншалықты арттырады?
Бағдарлама қонағы – Болат Мұхаметханұлы Бейсов, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі.
1-сұрақ: Биыл қоғамда өзекті болып тұрған мәселелерге қатысты бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілді. Соның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты заң. Енді мұндай жағдайда қылмыскерлерді 20 жылға, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыру да көзделіп отыр. Бұл елдегі педофилизмнің жолын кесуге әсер ете алады деп ойлайсыз ба?
2-сұрақ: Ауылдық жерлерде мал ұрлығы азаймай тұр. Енді өзгенің төрт-түлігін заңсыз иемденгендерді 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Ал ұрлықтың бұл түрімен айналысатындарға көбіне полицейлердің өздері қамқорлық көрсетіп, қылмысты дәлелдеу ұзаққа созылып жатады. Бұл мәселе енді қалай болмақ?
3-сұрақ: Көлікті мас күйінде басқаруға қатысты заңда жаңа жылдан бастап күшейтілмек. Жазаны қатаңдату жүргізушілердің жауапкершілігін қаншалықты арттырады деп ойлайсыз?