Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты қандай өзгеріс бар?
Бағдарлама қонағы – Марғұлан Әбдікәрімов, «Тұрғын үй комуналдық шаруашылық жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департаментінің директоры.
1-сұрақ: Жаңа заңда пәтер иелері кооперативтеріне қатысты қандай өзгеріс бар? Тұрғындар тарапынан олардың қызметіне көптеген сындар айтылады. Әсіресе, қаржы төңірегінде түсінбеушілік көп. Осы ретте меншік иелерінің қаржы жинау тәртібі айқындалды ма?
2-сұрақ: Тұрғын үйлерден бизнес нысандарының көптеп ашылуы кей тұрғындарды алаңдатады. У-шуға, тазалықтың сақталмауына шағым түсіретіндер көп. Жаңа заңда оларға талап күшейді ме?
3-сұрақ: Көп қабатты үйлердегі лифт мәселесі де өзекті. Олардың қызметіне, сапасына көп сын айтылады. Құжатта жеделсатының жағдайына қаншалықты көңіл бөлінді?
4-сұрақ: Тұрғын үй коммуналдық саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр екен. Нақты қандай шаралар атқарылды? Және ол тұрғындар үшін несімен тиімді болмақ?