Әріптестік аясын кеңейтудің әлеуеті қандай?

Сингапурдың ел экономикасына салған инвестициясы 1,7 млрд доллардан асты.

Ал екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард долларлық межеге жетеді деп күтіледі. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Азияның оңстүтік-шығысындағы елмен арадағы әріптестік аясын кеңейтудің, әлеуеті қандай? Президенттің мемлекеттік сапарынан не күтуге болады? Ол жайында біз Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының бас сарапшысы Нұржан Сәуленнен сұрап білмекпіз. 

Нұржан Саулен, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының бас сарапшысы: 

  1. Қазақстан Президенті 20 жылдан астам уақыт ішінде Сингапурға, мемлекет басшысы ретінде алғаш рет барып тұр. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 1970 жылдары дипломат ретінде осы Сингапурда жұмыс істеген болатын. Демек, Президент бұл елді, өте жақсы біледі. Ал бұл, екі жақты келіссөздер жүргізу барысында, қандай маңызды роль атқаруы мүмкін? 
  1. Сингапурдың қазба байлықтары жоқ. Дегенмен, әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі. Қазақстанның экономикасына құйған инвестициясы да, аз емес. Енді қай салалардағы әріптестік аясын кеңейтуге болады?