Ауыл шаруашылығын дамыту – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Олжас Тлебалдин

Олжас Тлебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі

Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру осы уақытқа дейін жеткіліксіз болып келді. Шамамен 160 миллиард теңге.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, енді бұл мәселе өз шешімін тауып, көктемгі егіс, егін жинау жұмыстары мен ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен  580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Былтыр диқаншыларымыз 26,7 млн тонна астық жинады. Бұл кейінгі 13 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға  артып,  мал шаруашылығындағы өнімділік 3,2%-ға өскен. Жалпы 8,3 трлн теңгенің өнімі өндірлген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%.  2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу мақсаты қойылған.

Өткен жылы мемлекеттің қолдауы өз нәтижесін берді. Енді биылғы егін егу науқанына да мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетілмек. Қанша қаражат бөлінеді, ол қайда жұмсалады?

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Бұл Президенттің тапсырмасы. Алға қойылған міндетті қалай жүзеге асырмақшысыздар?

«Ауыл аманаты» бағдарламасы қолға алынғалы 2023 жылдан бері өңірлерде 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Мамандар бағдарлама  әлеуметтік мультипликативті әсер береді, әрбір жаңа агро жоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуде, - деген. 2024 жылы 744 жаңа жұмыс орны ашылып, 6 жарым млрд теңгеге 580 микрокредит берілген.  3,6 млрд. теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылған. Халқымыздың біраз бөлігі ауылда тұрады. Бір миллионнан астам адам ауыл-шаруышылығы саласында еңбек етеді. Осы орайда бағдарламаның жүзеге асуы туралы айтып берсеңіз?

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты міндеттерінің бірі импортқа тәуелділікті азайту. Қазір бұл көрсеткіш қандай? Өз өніміміз қашан артпақ?