Сарапшы: Қазақстан-Қытай энергетикалық серіктестігі маңызды

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы жаңа жобалардың келешегі зор екенін көрсетеді.

Келіссөз барысында талқыланатын басты тақырыптың бірі энергетика саласындағы қауіпсіздік болғалы тұр. Сарапшылар жақын күндері Астанада Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы қабылданады деп болжап отыр. Оның негізгі тірегінің бірі – энергетикалық қуаттылықты арттыру және жаңа станциялар салу болмақ.

Александра Перминова, РҒА Қытай және қазіргі Азия институты Орталық Азия зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері:

- Төраға Си Цзиньпин сапар алдында атап өткендей, Қытай мен Қазақстанның бірлескен жобалары, оның ішінде энергетика саласындағы серіктестігі өте маңызды. Егер қателеспесем, Тұрғысын гидроэлектрстанциясы және басқа да жобалар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қаматамсыз етуде маңызды роль ойнайды. Қазақстан президенті де Еуразияда энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді әрекет етуге дайын екенін жиі айтады.