Сарапшы: ШЫҰ – аймақтағы тұрақтылық кепілі

Шанхай ынтымақтастық ұйымы терроризм мен экстремизмге қарсы күресте маңызды рөл атқарады.

Халықаралық қатынастар бойынша түрік сарапшысы Эмрах Каяның сөзінше, ауқымды жиында қабылданатын шешімдер мемлекеттердің осы бағыттағы іс-шараларын күшейтуге серпін береді.

"Бастысы, Астанадағы саммит әлемдік бейбітшілік пен диалогқа үлкен үлес қосады",  дейді ол. 

Эмрах Кая, Халықаралық қатынастар бойынша тәуелсіз сарапшы:

- Қазақстан көптеген халықаралық келіссөздердің орталығына айналды. Соның бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті. Халықаралық қауымдастық бас қосу әлемдегі диалог пен бейбітшілікті нығайтады деп сенеді. Қазақстан Азия аймағымен қатар әлемдік саясат пен жаһандық жүйеде бейбітшілік пен ынтымақтастыққа белсенді атсалысып келе жатқан мемлекет екені бәріне аян. ШЫҰ саммиті осы бағыттағы істерді күшейте түседі. Себебі кездесуде терроризм, экстремизм және есірткіге қарсы күрес бойынша маңызды шешімдер қабылданады.