Саясаттанушы: Қазақстан ШЫҰ төрағалығын сәтті атқарды
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен кезеңде қауіпсіздік, экологиялық және тарихи-мәдени мәселелерге қатысты нақты бастамаларға ұйытқы болды.
Белгілі саясаттанушы Бауыржан Серікбаев еліміздің маңызды міндетті осылай абыроймен атқарғанын атап өтті. Бұл аралықта халықаралық ұйым қатарындағы мемлекеттер тарапынан үкіметаралық бірқатар ортақ шешімдер қабылданды, дейді ол.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
- Осының барлығын қорытындылаған кезде, бүгін Астана декларациясы қабылданады деп отыр. Яғни 20-ға жуық маңызды құжатқа қол қойылады. Осының бәрі Қазақстанның төрағалығының жемісті, сәтті өткендігінің көрінісі деп айтуға болады.