ШЫҰ саммитінде қандай маңызды мәселелер қаралды? LIVE

Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-саммиті өтті.

Жиынға оннан астам елдің басшысы келіп, маңызды мәселелерді талқыға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлестік бірлігін бекем ететін 5 басым бағытты ұсынды. Биылғы саммитте халықаралық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылық мәселесіне баса назар аударылды.

Астанадағы алқалы жиынды қорытындылау үшін студиямызға саясаттанушы Жанерке Қайратқызын арнайы шақырдық.

  1. Сонымен Елордамызда өткен саммитте 25 құжат қабылданды. Халықаралық ұйымға Беларусь республикасы қосылып, ұйым оныншы тараппен толықты. Астанада өткен саммиттің ең басты ерекшелігін, жетістігін атап өтсеңіз?
  2. Беларусьтің ШЫҰ-ға мүше болуы нені білдіреді?
  3. Президент ұйымға реформа керегін айтты. Оны ұйымға мүше елдер де қолдап отыр. Осы орайда нені дамытып, неге басымдық беру қажет?
  4. Қытай тарапы ішкі ауқымды нарығына бірлестікке мүше елдердің қолжетімділігін арттырып, өзара тауар айналымын 3 триллион долларға дейін жеткізуді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдап, әлеуетті толық пайдалану қажет екенін еске салды. Осыған орай біздің елде қандай шараларды қолға алу қажет?
  5. Ұйымның төрағалығы Қытайға өтті. Сіздің ойыңызша ұйымның беделін арттыру үшін Қытай қандай бағыттарды дамытуы мүмкін?

Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы: