Сарапшы: Саммиттегі шешімдер ұйымның әлеуетін күшейтеді
Қазақстан ШЫҰ төрағалығы кезінде алға қойған барлық мақсат-міндеттерін толығымен орындады.
Астана саммитінде қабылданған шешімдер ұйым елдерінің өзара ықпалдастығын кеңейтіп, әлеуетін күшейтеді деді, - Халықаралық қатынастар жөнінде тәуелсіз түрік сарапшысы Тугрул Чамаш.
Тугрул Чамаш, Халықаралық қатынастар жөніндегі тәуелсіз сарапшы:
- Бұл өте нәтижелі саммит болды. 25 құжатқа қол қойылды. Ол келісімдерде маңызды мәселер қамтылған. Жиын Ұйымның Еуразия құрлығында халықаралық қатынастар жүйесінің баламалы моделін құруға бағытталған алғашқы кездесу деп баға беруге болады. Басқосуда Түркия жиі көтеріп жүрген әділетті әлем жүйесі талқыланды. Маңызды шешімдердің бірі – ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі жол картасын анықтау болды. Бұл шешімдер ұйымның әлеуетін күшейтетініне сенімдімін.