Қауын-қарбыз алғанда нені ескеру керек?

Қазір бақша өнімдері жаппай сатылып жатыр.

Жеміс-жидекпен қатар қарбыз, қауын да көп. Былайғы жұрт қарбыз, қауынды әбден піскен соң күзге салым жеу керек дегенді айтады. Ал оның нақты пісетін уақыты қашан? Осы және өзге де сұрақтарға студия қонағы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері Марал Үмбетова жауап береді. 

  1. Жаз шығар-шықпастан жеміс, көкөністің қаптайтыны белгілі. Бірақ жұрттың көбі уланып қалмаймыз ба деп қорқады. Осыған не дейсіз? Базар, дүкендерде, тіпті көшеде домалап жатқан қарбыз-қауынның қауіпсіз екенін қайдан білеміз? 
  1. Жалпы қай қалаға болсын, келіп жатқан көкөніс, жеміс-жидекті кім тексереді? Тұтынушы оның қауіпсіз екеніне қалай көз жеткізе алады? Өнімді сатқан орындар қандай да бір сертификат немесе анықтама көрсете ала ма? Тұтынушы нені талап етуге тиіс? 
  1. Былтыр астан, көкөністен улану секілді жайттар көп болды. Биыл қалай?