Садақ ату спортының жай-күйі

Олимпиада ойындарында садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасының қалай сынға түскенін талқылаймыз.

Айта кетейін, ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады. Өкінішке орай, отандастарымыз 1/8 финалдан аса алмады. Бұған не себеп болды және садақ атудан Қазақстанның жалпы құрамасының жоспарлары туралы садақ ату спортының команда басшысы Еділ Темирбеков айтып бермек. 

  1. Отандастарымыз іріктеу сынынан сәтті өтіп, жақсы ойын көрсетіп келе жатқан еді. Кешегі жарыста қосымша уақытта қарсыласқа жол беріп алдық. Не себеп болды? Біздің құрамаға не жетпеді? 
  1. Дәстүрлі садақ ату қазақтың қанында бар спорт түрі болғандықтан міндетті түрде жеңіс тұғырынан көрінуге талпынғанымыз анық. Сол үшін күнделікті үзбей жаттығу жасапсыздар. Дайындық кезеңі қай жерлерде өтті? 
  1. Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы да әлем кубогі кезеңдерінде жеңіспен оралған екен. Әйелдер құрамасы жөнінде не айтасыз? Алдағы Олимпиада ойындарына қыздарымыздан үміт бар ма?