Орталық Азияның экономикалық әлеуеті зор

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-Консультативтік кездесуі және «Орталық Азия+ Жапония» диалогының саммиті өтеді. 

Айта кеткен жөн, әлемде Орталық Азияға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді,  Аймақтағы экономикалық бастамалардың әлем экономикасына әсері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев жауап береді. Студиямызға қош келдіңіз.

  1. Кеше президент "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне берген сұхбатында алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең деп үлкен сенім білдірді. Көрші елдермен қарым-қатынасымыз артып келеді. Оның айғағы жол, теміржол, әуе қатынасы. Су проблемасы да шешімін таба бастады. "Саусақ бірікпей, ине илікпейді" деген халқымызда жақсы сөз бар. Осы бізбен қосқанда, бес саусақтай бес елге арнап айтылғандай болып тұр екен. Сіздің ойыңыз не дейді? 
  1. Орталық Азия + форматында бұған дейін іргедегі Ресейді айтпағанның өзінде Қытай, Германия, АҚШ-пен арада диалог өрбігені мәлім. Жалпы бұл орайда Батыс Қытай - Батыс Еуропа көлік жолы, әуе қатынастары жанданды. Қытаймен арада үшінші теміржолды салып жатырмыз. Каспий арқылы Кавказ, Түркия, Еуропаға жолды кеңейтіп жатырмыз. Тіпті Ауғанстан арқылы өтетін дәліз қарап жатырмыз. Мұнайды Баку арқылы жіберу мақсаты да күн тәртібінде. Дегенмен мұның бәрі анық қой, ал енді Жапонияның диалогқа келуі, бүгінгі басқосудың Орталық Азия+ Жапония аталуы біз үшін үлкен серпін екені анық. Сондықтан  бұл жиынннан күтеріміз де мол болар. 
  1. Жалпы Орталық Азия + форматындағы диалогтар кезінде іске асқан, қолға алынған жобалар туралы айтып өтсеңіз?

Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ішкі тауар айналы­мы 25 пайызға өсті. Еліміздің Орталық Азия елдері­мен саудасы былтыр 8 миллиард долларға жетті. Бірлескен ірі жобалар Орталық Азия экономикасының дамуына қаншалықты үлесін қосты?