Елдегі тері өңдеу саласын дамыту

Тері зауыттарын қайта жаңғыртып, өндіріс қарқынын күшейту үшін мемлекеттің қолдауы қажет.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі Департаментінің сарапшысы Бақытжан Момбеков осылай деді. Мәселені талқылау мақсатында маманды студиямызға арнайы шақырттық.  

  1. Тері өңдеу саласында қандай жетістік бар? Елдегі ірі және ұсақ кәсіпорындар саны көбейді ме, азайды ма? 
  1. Өнеркәсіпті дамыту үшін үкімет тері мен жүнді сыртқа шығаруға тыйым салғаны белгілі. Бұл тыйым өнеркәсіпке қаншалықты пайда берді? Нәтижесі болды ма? Жалпы бұл тыйымды алып тастауға болмай ма? Өйткені ауылда тері, жүн босқа қалып жатыр ғой. Төрт түлік терісі экс­портқа кейде жарамды, кейде жарам­­сыз. Неге? сапалы теріге қол жеткізу үшін не істеу керек? 
  1. Тері, жүн өңдеу саласын дамыту үшін қандай жобалар бар? Қандай іс атқарылып жатыр? 

Мысалы, Қытай нарығында еліміз­дің терілері «орта және төмен» деп баға­ланады екен. Сонда сапасы төмен терілер далада қала ма? Екінші сұрыптағы шикізат «желатин» немесе «протейн» (белок) өндіретін кәсіп­орындарға жөнелтіледі. Мұн­дай кәсіпорындар бізде жоқ. 

Айта кету керек, тері экспортына қатысты баж салығын (тоннасына 200 еуро)  алып тастау керек деген ұсыныс бар. 

Былғары өндіруге арналған техниканы лизингке беру мәселесі. Химиялық заттар қоймасы. Зауыттарда химиялық заттардың жеткілікті 3–6 айлық қоры бар қойма болуы қажет. Былғары өнеркәсібінің бірқатар экспорттық тауарын субсидиялау және жеңілдетілген несие берсе деген тілек бар. Шикізат сатып алуды ұйымдастыру қажет. Жеңіл өнеркәсіп салаларына қатысты дара комитеттің болғаны дұрыс.