Ішкі сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары
Тойгүл Жұбанисова, ҚР СИМ Сауда комитетінің ресми өкілі
Бұл бағдарламаға еліміздегі 3 мегаполис Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сауда субъектілері және елдегі ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды екен. неліктен мұндай шешім қабылданды?
Жобаның негізгі мақсаты, одан не күтуге болады? Болжамдарыңыз қандай?
Қолдау көрсету қандай мемлекеттік мекеме арқылы жүзеге асады?
Қаражатты алу банктер арқылы жүзеге аса ма, әлде басқа да жолдары бар ма? Нақтырақ түсіндіріп кетсеңіз.
Қолдауға ие болған кәсіпкерлердің қандай да бір міндеттемелері бар ма?
Сондай-ақ бағдарлама шарты бойынша сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орталықтарында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін максималды сома – 3 млрд. теңге. Ал жобаны моноқалаларда немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратындар үшін берілетін максималды сома – 1,5 млрд.теңге.
Инвестициялық мақсаттарға арналған жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін субсидиялау мерзімі 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.
Несиеге кепіл жетпеген жағдайда ішкі сауда нысандары осы бағдарламаның «несиеге кепіл болу» тетігін қолдана алады. Жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін – 50 % дейін, жұмысын енді бастаған, құрылғанына 3 жыл толмаған нысандар үшін кредит сомасының 85% - ына дейін несиеге кепіл болады.Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы жүзеге асады.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мемлекеттік қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарастырылған қарсы міндеттемелерге тоқталды. Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20 пайызын отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі керек. Жалпы ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30 пайызы отандық азық-түлік өнімдерін өндушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50 пайызға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20 пайызын отандық азық-түлік емес өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет.
Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілерін мемлекеттікқолдау - экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтіксалаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ саудаинфрақұрылымын дамытуға оң әсер ететенін атап өтті.