Таяу Шығыстағы ахуал
Жанат Момынқұлов, саясаттанушы
Ливанның оңтүстігі мен орталығында Хезболланың мыңдаған шақырымға созылған жерасты тоннельдері өте көп көрінеді. Және олар, Хамастың Газадағы осындай тоннельдеріне қарағанда жақсы қорғалған. Егер Израиль Хезбеоллаға қарсы ашық соғысты бастап, Ливан аумағына кірсе, біз оларға жер бетіндегі тозақты көрсетеміз деп уәде беріп отыр.
Осы уақытқа дейін Ливан мемлекеті Газа аймағы секілді блокадада болған жоқ. Cондықтан Хезболла заманауи қару-жарақтың түр-түрін жинақтап үлг3рді. Жерүсті операция басталса, адам шығыны көп болары анық.
Израильдің Ливанға басып кіріп, ашық соғысты бастауға итермелеп отырғаны - Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың биліктен айырылғысы келмей, соғысты соңғы мүмкіндік ретінде қолдануы деген пікір бар.
Осы орайда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қолынан не келеді? соғысты тоқтатудың қандай заңды жолдары бар?