Онлайн сатып алу. Эльмира Киматова
Қазақстанда онлайн сатып алу және маркетплейстердің дамуы соңғы жылдары қарқынды түрде өсіп келеді, деп хабарлайды 24kz.
Халық танымал платформаларға кіріп, өздеріне қажетті тауарларды, соның ішінде электроника, киім, азық-түлік және тұрмыстық техникаға тапсырыс беріп жатады. Онлайн сауданың қолайлылығы, жылдам жеткізу және жеңіл төлем тәсілдері бұл саланың танымал болуына ықпал етеді. ал кім де болса, смартфон арқылы онлайн тапсырыс беруді ыңғайлы санайды, сондықтан да мобильді қосымшалардың маңызы зор деп санайды Сонымен қатар электронды сауданың бөлшек саудадағы үлесі тұрақты түрде артып келеді. Ал осы бағытта туындайтын мәселелер де жоқ емес. Оның бірі тапсырыс беремін деп, алаяқтарға алданып, сан соғып қалатындар қаншама?!
Спикер: Батыс Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Киматова Эльмира Нұрқызы.
- Қазақстанда онлайн сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады?
- Маркетплейстерде алаяқтық жағдайларынан қалай сақтануға болады?
- Онлайн сатып алу барысында тауарды қайтару немесе ауыстыру ережелері қандай?
- Тұынушыларға сапасыз тауар жеткізілген жағдайда қайда шағымдануға болады?
- Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қандай шаралар атқарып жатыр?