Сарапшы пікірі. Кофенің денсаулыққа әсері
Денсаулыққа кері әсері болмас үшін кофенің сапалысын ішу керек. Оны қалай таңдаймыз? Жүрекке салмақ түсірмей, қан қысымына кері әсері болмас үшін күніне неше шыны аяқ ішуге болады? Бұны қазір студияға келген маманнан сұрап білеміз.
Эндокринолог дәрігер бізде қонақта.
- 2017 жылы Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (IARC) «кофені үнемі тұтыну өлім қаупін азайтады» деген қорытындыға келіпті. Бұған не дейсіз?
- Денсаулыққа кері әсері болмас үшін кофені қалай ішу керек? Көп адам: «кофе ішсем, жүрегім айниды», дейді. Демек, қан қысымына әсері бар болып тұр ғой?
- Желіден табылған ақпарат: 2018 жылы испан ғалымдары 26 мен 49 жас аралығындағы 1000 адамды 45 күн бойы бақылап, сау адамдар үшін күніне үш-бес кесе кофе жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін 15%-ке төмендететінін анықтапты. Кофенің бұндай қасиеті бар болуы мүмкін бе?
- Мына ақпаратты да желіден тапттым: Америка құрама штаттарында 2009 жылы 83 мыңнан астам адам қатысқан ұзақ мерзімді сауалнаманың нәтижелері кофе әйелдердің инсульт қаупін аздап төмендететінін көрсетті. 2021 жылы Қытайда 2,5 млн-ға жуық субъектілерді қамтыған зерттеу кофе ішу мен әйелдерде де, ерлерде де инсульт қаупінің төмендеуі арасында айтарлықтай байланыс бар екенін көрсетті. Осы мәліметке қатысты маман ретінде сіздің пікіріңізді білгім келеді.
- 2015 жылы қытайлық ғалымдар 330 мың қатысушы арасында мета-талдау жүргізіп, кофені үнемі ішетіндердің клиникалық депрессияға шалдығуы әлдеқайда аз екенін анықтапты мыс. Кофе сергектіп беріп қана қоймай, депрессиядан арылтатын қасиеті бар болуы мүмкін бе? Кофе құрамындағы кофеин тәуелділік тудырады ма?
- Кофе қан қысымына қалай әсер етеді? Күніне қанша мөлшерде кофе ішкен дұрыс?
- Ұйқысыздыққа бейім адамдарға оны қалай қолдану керек?
- Кофенің антиоксиданттық қасиеттері денсаулыққа қалай әсер етеді?
- Жүкті әйелдерге кофені тұтыну шектелуі керек пе?
- Асқазан және ішекке кофенің қандай әсері бар?
Спикер: дәрігер эндокринолог.