Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын арттырмақ. Шаймерден Ахметов

Еліміз Тәжікстанға астық экспортын арттырып, ынтымақтастықты нығайтуға дайын.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстандағы әріптесімен кездесуде осылай деп мәлімдеді. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, былтыр Қазақстан онда шамамен 1,3 млн тонна астық экспорттаған. Оның 633 мың тоннасы жаңа егін. Егіннің экспорт көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 57%-ке өсті. Ал, Тәжікстан тарапы қант, өсімдік майы, ет жеткізу көлемін ұлғайтуға бейілді. Өз кезегінде министр осы бағытта алыс-берісті арттыруға қолдау көрсететінін атап өтті. Осы тақырып төңірегінде кеңірек әңгімелесу үшін біз ауыл шаруашылығы министрлігіндегі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметовпен байланысқа шығып отырмыз.

  1. Сонымен, Қазақстан мен Тәжікстан астық экспортын арттыруға келісті. Сіздің ойыңызша, тәжік елі бізден қанша бидай алуға ниетті?
  2. Бидайдан өзге, тәжік елін қандай өнімдер қызықтырып отыр?
  3. Тәжікстаннан біздің елге не тасымалданады?
  4. Біздің еліміз тағы қандай мемлекеттермен азық-түлік өнімдерінің экспорты бойынша келісті?
  5. Қандай тауар түрлері сыртқа шығарылады?
  6. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты өткен жылғы көсреткіштерге тоқталып өтсеңіз?
  7. Биылғы жоспарлар қандай?

Спикер: Шаймерден Ахметов, ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары.