Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту мәселесі. Айгүл Қасымбекова

Түркістан облысында 40 мыңнан астам студент техникалық және кәсіптік білім алады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл салада биыл трансформациялау басталды. Бұл тұрғыда өңірлік колледжер мен оқу ордаларының базасын нығайту маңызды. Осы тұрғыда қандай жұмыстар атқарылуда? Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруда нендей қадамдар жасалып жатыр?

  1. Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша қандай шаралар қабылдануда? Заманауи зертханалар мен жабдықтар қолжетімді ме?
  2. Өңірдің индустриялық-экономикалық қажеттіліктеріне сай қандай жаңа мамандықтар енгізілді?
  3. Жергілікті кәсіпорындар мен өндірістік секторлар білім беру мекемелерімен қандай деңгейде ынтымақтастық орнатып отыр?
  4. Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде цифрлық оқыту платформалары мен IT-құралдар енгізу қалай жүзеге асырылуда?
  5. Ауылдық және шалғай аймақтардағы студенттердің техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділігі қалай қамтамасыз етілуде?
  6. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруда нендей қадамдар жасап жатырсыздар?
  7. Шетелдік тәжірибе мен стандарттар білім беру бағдарламаларына енгізіліп жатыр ма? Егер енгізілсе, қандай елдердің тәжірибесіне негізделуде?
  8. Педагогикалық кадрлар: Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша қандай қадамдар жасалып жатыр? Жаңа бағдарламалар бойынша оқытушылар жеткілікті ме?

Спикер: Айгүл Қасымбекова, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.