Жасанды интеллектінің бала дамуына әсері. Салтанат Тажибаева

Білім бәсекесінде көштен қалып қоймау үшін жасанды интеллекті, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу – заман талабы.

Бірақ осы жаңа технологиялардың оқыту процесі мен оқушыларға әсеріне келсек, қоғам көзқарасы екіге жарылады. Бірі – Цифрлық сауаттылықты дамыту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және интерактивті оқыту мүмкіндіктері – гаджеттердің негізгі артықшылықтары екенін айтса, енді бірі бұл назардың ауытқуына, тәуелділікке және денсаулыққа зиянын алға тартады.

Сондай-ақ клиптік ойлаудың қалыптасуы баланың ойлау қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп күдіктенеді. Жасанды интеллект пен технологияның оқушының психологиялық және академиялық дамуына қалай әсер ететіні – маңызды сұрақ. Анығын білу үшін студияға маман шақырып талқылауды жөн көрдік. Бүгін студияда қонақта №8 психологиялық-педагогикалық-медициналық консультацияның педагог-психологы Салтанат Тәжібаева.

  1. Еліміздің білім беру мекемелерінде жаңа технологияларды пайдалану үлесі қандай?
  2. Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні қолдану білім сапасына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
  3. Жасанды интеллект пен гаджеттерді тиімді пайдалану үшін педагогтерге қандай оқыту немесе нұсқаулықтар беріледі?
  4. Гаджеттердің пайдаланылуы баланың психологиялық жағдайына қалай әсер етеді?
  5. Бұл әсерді азайту үшін қандай шаралар қолдануға болады?
  6. Жасанды интеллект негізіндегі технологиялар баланың эмоционалды дамуына қалай ықпал етеді?

Спикер: Салтанат Тажибаева, №8 психологиялық-педагогикалық-медициналық консультацияның педагог-психологы.