Елбасы Жолдауы халықтар арасындағы ынтымақты арттырып, бірлікті бекемдей түседі
Елбасы Жолдауы халықтар арасындағы ынтымақты арттырып, бірлікті бекемдей түседі.
Қазақстандағы белорустардың этномәдени орталығы мүшелерінің ортақ ой-пікірі осыған саяды. Қазір елімізде 65 мың белорус ұлтының өкілдері тұрады. Олардың ата-бабалары 19 ғасырдың соңында қазақ жеріне қадам басқан. Содан бері бір ғасыр өткенімен белорустар өздерінің тарихи тамырынан ажыраған жоқ. Қазір де өз отандарымен тығыз қарым-қатынаста. Алайда, Белорусияға көшіп кетуді ойымызға кіріп-шыққан емес, - дейді олар. Өздерінің кемел келешегін Қазақстанмен байланыстырып, Елбасы жолдауында жүктелген міндетерді жұмылған жұдырықтай бірлесе атқаруға дайын екенін айтады.
Леонид Питаленко, Белорус этно-мәдени орталығының жетекшісі:
- Жолдауды қолдаймыз. Мазмұны терең саяси құжатта халықтар арасындағы достық, сауда-экономикалық әрі мәдени байланыстардың артуына ерекше мән берілген.