Отандық кітапханаларды заман талаптарына сай жетілдіру - маңызды міндет
Бүгінгі бағдарламада:
- Мемлекеттік сатып алу жүйесі қалай жаңғырады? Саладағы олқылықтарды жою үшін қандай заңнамалық тетіктер қолға алынады? Бұл бағыттағы жаңа нормалар неге табан тірейді? Сенаторлар осы мәселеге арналған заңдарды қарады;
- Ұлтты ұйыстыратын құндылықтар дегеніміз не? «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымын жүзеге асыру үшін қай бағытқа басымдық берген жөн? Аталған мәселе Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңында талқыланды;
- Отандық кітапханаларды заман талаптарына сай жетілдіру маңызды міндет. Кітап қорын арттыру және кітапханашылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту ісі де өте өзекті. Сенаторлар осы түйткілге назар аударып, депутаттық сауал жолдады.