Қазақстан намысын 44 параспортшы қорғайды

Бүгінгі бағдарламада: 

- Осы аптада Парижде XVII жазғы Паралимпиада ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 44 параспортшы қорғайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық атлеттерді қолдау үшін Франция астанасына арнайы барды;

- Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау шараларының ауқымын кеңейту – өзекті мәселе. Парижде ЮНЕСКО-ның Инклюзия жөніндегі халықаралық конференциясына қатысып, сөз сөйлеген Палата Спикері осы мәселеге ерекше тоқталды. Сапар аясында Мәулен Әшімбаев бірқатар екіжақты кездесулер де өткізді;

- Отандық геологияны дамыту үшін не істеу қажет? Осы саладағы зертханаларды жетілдірудің тиімді жолы қандай? Шығыс Қазақстан облысында металлургтермен кездескен Сенат депутаттары аталған мәселелерге назар аударды.