Туризм – экономикалық дамудың маңызды тетіктерінің бірі
Бүгінгі бағдарламада:
- Көлік қозғалысын реттеу тетіктері қандай? Мопедтерді пайдаланудың негіздері мен шарттары қалай өзгерді? Жол қауіпсіздігін арттыру ісінде неге басымдық беріледі? Сенат отырысында осы мәселеге қатысты заңдар қаралды;
- Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған экономикалық басымдықтар жөнінде мамандар не дейді? Белгіленген міндеттерді іске асыру үшін не істеу қажет? Бұл бағыттағы істе сарапшылардың рөлі қандай? Сенат жанындағы Сарапшылар клубының отырысында осы мәселелер талқыланды;
- Еліміздегі туристік орындарда инфрақұрылым мәселесі өте өзекті. Тіпті табиғаты әсем кейбір жерлерге көлікпен бару мүмкін емес. Бұл – отандық туризмнің дамуына тұсау болып отырған маңызды проблема. Сенаторлар осы түйткілге назар аударып, мәселені депутаттық сауал арқылы көтерді.