Атом электр стансысы ел экономикасына не береді?

Бүгінгі бағдарламада: 

- Атом электр стансысы ел экономикасына не береді? Қоршаған ортаны қорғау бағытында бұл саланың рөлі қандай? Аталған бастама энергия тапшылығын төмендетуге қаншалықты ықпал етеді? АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері өңірлерде тұрғындармен кездесулер өткізіп, осы мәселелерге кеңінен тоқталды; 

- Биыл балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Осыған байланысты қаламгердің туған жерінде дүбірлі той өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, жергілікті жұртшылыққа Президенттің құттықтау хатын оқып берді; 

- Елімізде қант қызылшасын өсіру ісінде түйіні тарқатылмаған түйткіл аз емес. Әсіресе дайын өнімді өңдеу саласында айтарлықтай проблемалар бар. Сенаторлар аталған бағытта еңбек етіп жүрген шаруаларды алаңдатқан осы және өзге де мәселелерге назар аударып, оларды депутаттық сауал арқылы көтерді.