Қызылорданың спорттағы қарқыны қалай? Бақтияр Артаевпен сұхбат
Бүгінгі бағдарламада Қызылорда облысының әкімдігі және жуырда облыстық Спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев туралы сөз қозғаймыз. Оның бұл қызметке келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Бар болғаны бір айдан астам уақыт өтті. Осы қысқа мерзім ішінде өңірде қандай жұмыстар атқарылды? Қандай бастамалар көтерілді? Сонымен қатар елімізде жүріп жатқан реформалар спорт саласында әсіресе, Қызылордада қалай жүзеге асып жатқанын білмекпіз. Алдағы минуттарда осының бәріне жауап алатын боламыз.