Алтыннан үміт бар ма? Шорт-трекшілердің Азия ойындарына дайындығы

Астанадағы «Алау» мұз сарайында қызу қарбалас. Себебі біреу білсе, біреу білмес, ақпан айында Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында қысқы Азия ойындары өтеді. Оған елдің атынан 137 спортшы қатысады. 10 бағыт бойынша жүлдеге таласып көрмек. Sport time бағдарламасы бүгінгі шығарылымын спортшылар арасындағы шорт-трек шеберлеріне арнамақ. Өйткені бұл бағытта Азия ойындарына спортшыларымыз 1996 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Дегенмен шорт-трек бойынша қанжығамызға әлі де бірде бір алтын түспепті. Демек биыл осы спорт түрінен тарихи нәтиже тіркеуге мүмкіндік бар. Ол үшін ұлттық құраманың дайындығы қалай?