Сенімге кіріп, сан соқтырған алаяқтар
Бүгінде алаяқтар түрлі айлаға барып, азаматтардың ғана емес, олардың болашағына деген сенімін де пайдаланып жүр. Бірі баспана алып беремін деп алдаса, енді бірі өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жинаған қаржыдан айырмақ болады. Алайда олардың заңсыз әрекеті жауапсыз қалмайды. Елордада 500 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған күдікті сотталса, Қостанай облысында полицейлер алаяқтардың құрбаны бола жаздаған азаматтың миллиондаған теңгесін сақтап қалды.