Жаңа заңда ескі әдіске мүмкіндік жоқ
Жемқорлықтың шын бағасы – ұрланған миллион, миллиардтар емес, ол адам өмірімен өлшенеді. Мысалы, көпір, жол салуға, аурухана құрылысына немесе науқастардың еміне деп бюджеттен бөлінген қаржы талан-таражға түсті дейік. Салдарынан жұрт діттеген жеріне уақытылы жете алмайды, медициналық көмектен қағылады, тіпті, өмірмен қоштасып жатады.