Жемқорлыққа жұрттың да, шенеуніктердің де қатысы бар
Кез келген үкіметтің басты мақсаты – тиімді шешім қабылдау, қоғамда тәртіп орнату және оны қатаң сақтай отырып, елдің әл-ауқатын жақсарту. Бірақ бір проблема бар - cыбайлас жемқорлық деген. Оның көздегені, керісінше, осы мақсатқа жету жолындағы негізгі ережелерді бұзып, белгілі бір адамдардың пайдасы үшін көпшіліктің мүддесін құрбан ету. Ал жемқорлыққа екеуінің де қатысы бар: жұрттың да, шенеуніктердің де.