Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп
Мемлекеттік сатып алу порталы халықаралық рейтинг бойынша үшінші орында тұр. Қазына қаржысына кім қандай бағаға не сатып алғаны және қанша миллион немесе миллиард жұмсағаны, бәрі-бәрі ашық көрінеді. Өте керемет. Әлем мақтаған тендеріміз сыбайлас жемқорлық, бюрократиялық бөгет бойынша рейтингте нешінші орында тұр? Бүгін осы жайлы айтамыз.