Ұзақ мерзімді құрылыс қатаң қадағалауда
Елімізде сыбайлас жемқорлық картасы бар, оған қарап қай өңірде қай сала жемқорлық құрсауында тұрғанын көруге болады. Құжат антикоррупциялық қызмет қолындағы компас сияқты, офицерлерге бағыт-бағдар береді. Міне, осы картаға Қазақстандағы құрылыс саласы да кіреді. Себебі шенеуніктер жылдар бойы тұрғын үй кешені, әлеуметтік нысандар мен өзге де ғимарат, жол салу, оған рұқсат беруді кәдімгі бизнеске айналдырып алған. Сондықтан қазір ұзақ мерзімді құрылыс қатаң қадағалауда. Бүгін осы жайлы айтамыз.