Антикор спортқа бөлінген қаражатты зерттеді
Елімізде соңғы жылдары спортты дамытуға бөлінген қаржы еселеп артқан, бірақ Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі құлдыраған. Президент футболшылардың жалақысына деп бюджеттен бөлінетін ақшаны азайтуды тапсырды, алайда біздің шенеуніктер, керісінше, соңғы 3 жылда легионерлерге 30 млрд астам теңге үстемақы төлеген. Іс жүзінде Спорт комитеті жалған оқу-жаттығулар өткізіп, одан қалды қазынаны тендер арқылы тонаған.