Жалған дипломды кім сатады және оны кім сатып алады?
Сыбайлас жемқорлық тек шенеуніктерге қатысы бар қылмыс сияқты көрінеді. Жемқорлық десе, көз алдымызға қолында билік бар, құзыретін пайдаланып, бәрімізден пара талап ететін және қазына қаржысын жымқырған адамның бейнесі келеді. Олардың барлығы Үкімет, әкімдікте отыр деп ойлаймыз. Яғни бізге еш қатысы жоқ, жоғары жақта болып жатқан қылмыстай. Шындығында солай ма? Бүгін біз жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендер туралы айтамыз. «Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған маман» деген құжатты саудаға салғандар - шенеуніктер емес.