Республика бойынша азаматтар 14,6 млрд теңгесін алаяқтарға санап берген

Елімізде мемлекеттік қызметтің тоқсан үш пайызы цифрландырылған. Құжат, анықтамаға, өзге де өтініштерге үйден шықпай-ақ қолыңыздағы смартфоннан тапсырыс беруге болады. Бірақ, бұған қарамастан, біз әлі де мәселені төте жолмен шешуге ұмтыламыз. Соны дұрыс көреміз. Араға делдал салып, қомақты ақша төлейміз, шенеуніктермен келісуге тырысамыз. Дәл осы схемаға сүйенген жұрт миллиардтарын күмәнді адамдардың қолына ұстатып келеді. Бүгінгі шығарылымда лауазымды тұлғалардың жақыны, танысы, досы кейпіндегі алаяқтар мен оларға алданғандар жайлы айтамыз.