Тәуелсіздік жылдары ұрланған байлықты тергеу жылдарға жалғасуы мүмкін
Соңғы жылдары Қазақстан қазынасын талан-таражға салып, бар байлықты шетелге тасығандар туралы жиі айтылып жүр. Оларға қатысты арнайы заң да қабылданды. Бірақ ірі ұрылардың тізімі жарияланған жоқ, жұмбақ күйде қалып отыр. Біз олардың бірнешеуін ғана білеміз. Сондықтан болар, заңсыз алынған активтер десе, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның мемлекет меншігіне өткен мол мүлкі еске түседі. Ол - рекорд жасағандардың бірі. Бүгін қолды болған байлықты қайтару шаралары туралы айтамыз.