Кәсіпкерлердің жұмысына үлкен кедергі келтіріп отырған баптар жойылады

Қазақстанда отандық бизнестің дамуына, кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзушылықты қылмыс санатынан алып тастауды тапсырды. Осыған орай жаңа заң жобасы әзірленіп, құжатты Мәжіліс қарап жатыр. Мұндағы мақсат – бизнес ахуалды жақсарту, кәсіпкерлердің құқығын қорғау.