«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жемқор шенеуніктерді қалай әшкереледі

Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы өз қатарына 2,7 мыңнан астам белсендіні біріктіріп үлгерді. Қысқа ғана уақыт ішінде еріктілер бюджет қазынасынан заңсыз жолмен жымқырылмақ болған 7 млрд теңгеден астам қаражатқа тосқауыл қойған. Мәселен, Орал қаласының еріктілері қала әкімдігінің құны небәрі 4 млн теңгені құрайтын бейнеконференция жабдығын 45 млн теңгеге сатып алмақ болмақ әрекетін әшкерелеген.