Бюрократиялық кедергілер жемқорлыққа жол ашу үшін әдейі ұйымдастырыла ма?
Жалпы жемқорлық деген сөздің астарында не жатыр, соған тоқталайыншы. Пара, жымқыру, бопсалау, алаяқтық, мүдделер қақтығысы деп жалғасып кете береді. Яғни «жемқорлық» деген жалғыз сөзді бірнеше әрекеттің, қылмыстың анықтамасы ретінде әртүрлі жағдайда қолданамыз. Қысқасы, жемқорлық – бұл қолдағы билікті, мемлекет уақытша берген билікті өзінің жеке пайдасы, материалдық жағдайы, қалтасының қамы үшін және саяси мақсатта теріс пайдалану. Біздің елде мұндай мүмкіндікті барынша қолданып қалуға тырысады. Оның міндетті түрде салдары да болады. Бүгін бизнеске бюрократиялық кедергі туралы айтамыз.