Қайтарылған қаржы ел экономикасына жұмсала ма?
Заңсыз иемденілген активтер. Осылай аталатын мол мүлік, есепсіз байлық бір қарағанда, бізден алыс, қарапайым жұртқа еш қатысы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Шындығында солай ма? Аты айтып тұр, заңсыз иемденілген, заңсыз шығарылған активтер. Яғни, біріншіден, қазына салықтан қағылған, екіншіден, ол қаржыға әлеуметтік нысандар салып, халықтың жағдайын жақсартуға жұмсауға болар еді. Бірақ заңсыз мүліктің заңсыз иелерін, олигархтарды ақша, ақша және ақша ғана қызықтырған. Бүгін үлкен кісілердің үлкен қылмысы жайлы және қайтарылған активтер туралы айтамыз.