Қазынаға қайтарылған қаржы қайда жұмсалып жатыр?

Елімізде «қазына қаржысын қолды қылды», «пара алды», «мемлекет мүлкін талан-таражға салды», «бопсалады» деген айыппен күдіктілер ұсталды, шенеуніктер сотталды деген ақпаратты апта сайын естиміз. Тергеу аяқталып, сот үкім кескен соң, айыптыдан миллион, миллиардтар тәркіленді деген мәлемет тағы шығады. Құзырлы органдар мемлекетке тиесілі бар мүлік қазынаға қайтарылғанын да жариялайды. Осы сол мол дүние, қыруар қаржы қайда жұмсалып жатыр деген ой сізді де мазалайтын шығар? Жемқорлардан жиналған ақшаның бір бөлігіне мектептер салынып жатыр. Бүгін осы туралы айтамыз.