Қазақстанның дамуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен тығыз байланысты
Есіңізге түсіріп көріңізші, соңғы рет сізден кім пара сұрады? Қай мәселені ақшамен шештіңіз? Сол кезде не ойладыңыз? Қандай күйде болдыңыз? «Қазақстан былыққа батқан», «шенеуніктері шетінен жемқор», «әділдік жоқ», «бұлар құлқынның құлы» деп ашуланған шығарсыз? Бүгін еліміздегі жемқорлық пен адалдықтың 33 жылдық айқасы туралы айтамыз.