«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң күшейтіледі | Stop жемқорлық
Дұрыс емдеп, науқасқа ерекше көңіл бөлсін деп дәрігердің қалтасына теңге тықпалайтын, жоғары оқу орындарында баға, балл сатылатын, ал халыққа қызмет көрсету орталығы түрлі анықтама, құжаттар сауда үйіне айналған елде тұратынымыз ешкімге жасырын емес. Бізде жемқорлық перзентханадан басталып, мәйітханада аяқталады. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Енді осы алыс-берістің барлығына қылмыстық жауапкершілік болмақшы. Мәжіліс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қарап жатыр. Құжатта бірқатар өзгеріс бар. Қалыпты жағдайға айналған көп әдетімізге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.