Шымкентте оқушыларды экологиялық мәдениетке үйретіп жатыр
Бүгінгі жастар мектеп қабырғасынан бастап білім ғана емес, экологиялық мәдениетті де бойына сіңіріп келеді. Қуантатыны, олардың «Таза Қазақстан» акциясына қатысу белсенділігі жоғары. Мәселен, осы уақытқа дейін республика бойынша акцияға 9 миллионнан астам азамат қатысса, соның 450 мыңға жуығы жастар. Ендеше сол еріктілердің ішінде Шымкент жастарының үлесі қандай? Қазір олар қандай қоғамдық және экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жүр?