Түркістанда пайдалы қазбаны заңсыз алып жатқандар экологиялық мәселелер тудыруда

Түркістан облысы терең тарихқа, тұмса табиғатқа, өзен көл мен табиғи байлыққа бай. Дегенмен сол тау-тасты қопарып, құм және өзге де пайдалы қазбаны заңсыз алып жатқандардың әрекеті бұл өлкеде экологиялық мәселелер тудыруда. Өзендердің арнасын бұзып, бұлақтардың тартылуына әкеп соғып жатқан заңсыздықтың жолы бүгінде қалай кесілуде? Ал қала тұрғындар не дейді? "Таза Қазақстан" жобасы осы мәселенің ізімен рухани астана - Түркістан қаласына келіп жетті.