Жамбыл облысында киелі жерлер қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Жамбыл облысы Байзақ ауданында жалғасты.
«Аманат» партиясының «Таза бейсенбі» бастамасымен белсенді азаматтар, еріктілер мен жастар «Батырбек Датқа» кесенесінің аумағын қоқыстан тазартып, қоршауын сырлады. Экологиялық акция аясында 17 еңбек ардагері мен жалғыз-ілікті қарттың ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар партия өкілдері Сарыкемер ауылдық округіндегі автокөлік жолының бойын қоқыстан тазартты. Жалпы Жамбыл облысында акция басталғалы 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 127 мың аула мен 4,5 мың шақырым көше жолдары тазаланды.
Индира Спаналиева, "Amanat" партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы:
- «Таза бейсенбі» акциясының мақсаты - тазалықты дәріптеу, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл жерге біздің жастарымыз, сондай-ақ мәдениет үйі, бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.