Шымкент қаласының экологиясы: қалдық өңдейтін зауыт қалай жұмыс істейді | Таза Қазақстан
Қоқыс - бір қарағанда «қажетсіз қалдық» деген мағына беретіндей. Дегенмен әлемдегі дамыған мемлекеттер оны қайта өңдеу арқылы миллиондап табыс табуда. Қалауын тапса, қоқыс та кәдеге жарайды. Өткен жылы Шымкент қаласында қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық өңдейтін зауыт салынады деген ақпарат шыққан еді.
Бүгінде ол қалай іске асуда? Одан бөлек қала экологиясы үшін нендей істер атқарылуда? Қала таза ма? Осы сауалдардың ізімен «Таза Қазақстан» жобасы шырайлы Шымқалаға келіп жетті.