«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды.

Іс-шара елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыру және азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға тарту мәселелерін қамтиды. Акция барлық өңірде жүргізілді. Наурыз-қараша айлары аралығында өткен акция 5 млн 83 мыңнан астам адамның басын біріктірді. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш егілді. Мемлекеттік құрылымдар, еріктілер мен жеке ұйымдар, сонымен қатар жұртшылықта акцияға белсенді қатысты.